"Ақмола облысы бiлiм басқармасының Жақсы ауданы бойынша бiлiм бөлiмi Жақсы ауылының балалар музыка мектебi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жалпы адамзаттық құндылықтар-отбасылық тәрбиенің негізі» атты ата-аналар жиналысы

25.01.2018

«Жалпы адамзаттық құндылықтар-отбасылық тәрбиенің негізі» атты ата-аналар жиналысы

 

 

2018 жылдың 18 қаңтарында «Балалар музыка мектебінде» «Жалпыадамзаттық құндылықтар-отбасылық тәрбиенің негізі»атты «Рухани жаңғыру » бағдарламасы аясында ата-аналарға арналған жартыжылдық есеп беру жиналысы өткізілді.Бұл жиналыстың мақсаты отбасындағы рухани-адамгершілік тәрбие беру бағдарламасының негізгі мақсатын түсіндіру арқылы бала тәрбиесіндегі рухани құндылықтардың маңыздылығын түсіндіру. Жиналыстың басында оқушыларымыздың қандай жетістіктеріне қол жеткізгендері туралы қысқаша мағлұмат берілді. Оқушылар домбыра, фортепианно,ән сабағы және виа инстументальдық тобы осы жартыжылда үйренген шығармаларын орындады.Біз балаларды белгілі бір аспата ойнауға үйрету ғана емес музыкаға  деген  сүйіспеншілігін ояту. Әр бала өзінің ойнау қабілетін көрсету арқылы басқа адамдарға қуаныш сыйлайды.Қуаныш сыйлау ол мейірімділік.

Ата-аналар өз балаларына осы мейірімділікте және адамгершілікке тәрбиелеуақыл-ойына және жалпы мәдени дамуына ықпал етіп, шығармашылық икемділіктері мен қызығушылығын дамытуға көп мән беру керек.Міне осылар арқылы жас жеткішектердің өмірлеріне әсер ету рөліміз өте күшті болады. Сол себепті, оларға қол ұшымызды беріп, бағыт бағдар беру біздің яғни ата аналар мен ұстаздардың қолында.

Жиналыстың соңында ата-аналар өздерінің ризашылықтарын білдіріп, игі тілектерін айтты.

 

 

 

Балалар музыка мектебінің директоры:                   Т.Ш.Тулюбаев

 

Просмотров: 729


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст